Сiздердi Уәлиханов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлімінің ресми сайтында қарсы аламыз!
Қазақстан дамуының негізгі бағыттарының бірі осы заманғы әлеуметтік саясат, оның басты назарында халықтың әлеуметтік «әлжуаз» топтарын әлеуметтік қолдау жөніндегі мақсатты шараларды іске асыру болып табылады.
Бөлім қызметінің негізгі мақсаттары мыналар: Солтүсті Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының аумағында әлеуметтік-еңбек қатынастары, жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламалар саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес өңірдің басқа ұйымдарының аталған саладағы жұмысын үйлестіру болып табылады.
Біздің ауданымызда халықты жұмыспен қамтудың белсенді саясатын қамтамасыз етуге, кедейлік деңгейін төмендетуге, азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтік бағдарламалар лайықты іске асырылуда.
Бөлімнің ресми сайты Сіздің бөлім қызметі туралы объективті ақпаратқа еркін қол жеткізуіңізді қамтамасыз етеді.
Мекен-жайы: Уалиханов ауданы, Кишкенеколь с-сі, ул. Ш. Уалиханов, 82
Тел: +7 71542 2-19-43
Бөлімнің электрондық мекен-жайы: ualihan-ozsp@sko.kz
Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi «Үздiк Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметкерi» конкурсын өткiзiп жатыр